Бизнес салық жүйесінде ұдайы өзгерістерден күйзеліске түспеуі керек– Ерлан Қошанов

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек. ҚР Парламент Мәжіліснің төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі талқылауларды қорытындылай келе мынадай мәселелерге тоқталуды жөн көрдім. Біріншіден, Мемлекет басшысы айтқандай, салық жүйесін тұрақты әрі түсінікті ету – басты міндет. Яғни, бізде нақты тапсырма бар. Салық заңнамасының негізгі өлшемдерін тұрақтандыру керек. Бұл бірніші кезекте бизнесті қолдау үшін қажет. Бизнес салық жүйесінде ұдайы болатын өзгерістерден күйзеліске түспеуі керек», - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері салық жүйесінің тұрақтылығы деген бүгінгі өлшемдерді сол күйіндеа қалдыру емес екенін ескертті.

«Үкіметтің бүгін айтқан қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығын көтеру туралы ұсыныстарын тұрақтылыққа арналған ұсыныс деуге келмейді. Тұрақтылық деген мөлшерлемелердің өлшемі емес, керсінше оны тұрақты ұстау дегенді білдіреді. Тым болмағанда орташа инвестициялық мерзімге, мысалы 3 жылға белгіленуі қажет. Бұл инвесторларға да, кәсіпкерлерге де түсінікті болатын еді», - деді Мәжіліс төрағасы.


Соңғы жаңалықтар