Бизнес саласының жұмыскерлері өрт кезінде әрекет етуге үйретіліп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бизнес саласында жұмыс істейтіндер арасынан өрт қауіпсіздігі дайындығынан өткендер саны 1,6 есеге артты. Елордадағы коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлік объектілеріндегі өрттердің және олардың салдарының алдын алу. Жалпы қабылданған шаралардың арқасында өрт қауіпсіздігі саласында дайындалған халық саны 1,6 есеге артты, дайындық жүйесіне барлығы 123 мыңнан астам адам тартылды.

Кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді әдістерін құру мақсатында мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының, прокуратураның және шаруашылық жүргізуші органдардың қатысуымен 20 дөңгелек үстел отырысы мен 9 брифинг өткізілді. Бақылау субъектілеріне 2 567 ақпараттық хат табысталды. Жалпы 5 977 адамды қамти отырып, 427 жиын, 12 856 адамды қамти отырып, 960 дәріс және әңгімелер жүргізілді», - деді Еркін Отарғалымұлы.

Қоса кетсек, елордадағы бизнес объектілерді тексеру нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейтін 4 195 дерек анықталып, жауапты тұлғалар әкімшілік жаупкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар