Бизнес пен қайырымдылық мәселелеріне арналған конференция өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстандағы қайырымдылық: Бизнес және қайырымдылық» атты 4-інші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Шараның мақсаты еліміздегі ұжымдық қайырымдылықтың, оның ішінде бизнес тарапынан жасалатын қолдаулардың дамуына серпін беру. Бұдан бөлек, конференция Қазақстандағы қайырымдылықты дамыту мәселелерін талқылап, әлеуметтік саясат бағытындағы отандық және халықаралық деңгейдегі мамандармен пікір алмасуды, заңнамалық тетіктерді жетілдіруді көздейді. «Бүгінгі таңда елімізде бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалды. Экономикалық базис ретінде біздің бизнес орнығып қалыптасты деп айтуға болады. Ендігі күні біздің бизнесте белсенді, мүмкіндігі бар азаматтарымыз, бұндай көмекке зәру жандарға да қол ұшын бергені маңызды», - деді конференция барысында «Нұр Отан» ХДП Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

«Бауыржан» қайырымдылық қоры мен «Алтын қыран» компаниялар тобы демеуші болған шараға саясаткерлер, отандық және шетелдік сарапшылар, бизнес өкілдері қатысуда. Конференция барысында «Бауыржан» қайырымдылық қорының «Қайырымдылық қорын қалай ашып, сәтті қызметін қалай ұйымдастыруға болады?» атты кітабының тұсаукесері жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар