«Бизнес-Өрлеу» байқауын мүмкіндігі шектеулі жігіт жеңіп алып, 5,5 млн. теңгені иеленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Бизнес-Өрлеу» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Байқаудың гран при жүлдесін Алматы облысының тумасы, 1 топ мүгедегі Елдос Баялышбаев жеңіп алды. Оған байқау демеушісі «Зумрад» корпорациясының атынан 5,5 млн теңгенің сертификаты ұсынылды.

Ол болашақта Талдықорған қаласында мүгедек адамдарға арналған «Асар» оңалту орталығын салуды жоспарлап отыр.

Ал екінші орынды Махметова Регина иеленіп, 2 млн 700 мың теңгенің сертификатын алды. 1 млн 200 мың теңге «старт капиталы» бар үшінші орынды Болат Нұрсұлтан иеленді.

«Стартап» жобаларды қолдауға арналған «Бизнес-өрлеу» жобасы биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Қазан айының 10-31 аралығында еліміздің 8 қаласын байқаудың Сараптық Кеңес мүшелері аралап шыққан болатын. Нәтижесінде үздік бизнес-жоба көрсеткен 30 үміткер іріктеліп алынды. Олар 2 апталық оқыту курстарынан өтті. Оқытуды қазақстандық және шетелдік бизнес тренерлер жүргізді.

Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 300 мың доллар. Мұндай қомақты старт-капиталды Қазақстандағы ШОБ-тың дамуына бей-жай қарамайтын «Зумрад» корпорациясы ұсынып отыр.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында ел экономикасының күретамыры саналатын ШОБ саласын дамытуға барынша көңіл бөлу керектігін айтқан болатын. Жас бизнес ешқашан бірден үлкен бизнеске айналмайды. Осы өсу аралығында оларға заңды тұрғадан, қаржылық тұрғыдан демеу керек. Олар көк шыбық сияқты. Үнемі су құйып тұрмаса, өспей қалуы ғажап емес. Біз оларды қиын сәттен алып шығумен қоймай, әрі қарай өсуін қамтамасыз етеміз. Үш жыл оларға заң, салық тұрғысынан көмек беріп отырамыз. Аяғына нық тұрған кезде барып, үлкен бизнеске жол ашамыз», - деді «Зумрад» корпорациясының президенті Екатерина Ким.

Соңғы жаңалықтар