Бизнес өкілдері түзеу мекемелерінде сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шағын және орта бизнес өкілдері өңірдегі түзеу мекемелерінде сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуде. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік саясаттың ең басты басымдылығы деп атаған болатын. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандардың түзеу мекемелерінің аумағында немесе одан тысқары жерде жеке еңбек қызметімен айналысу құқығы бекітілген. Ал түзеу мекемелеріндегі жаңадан ашылған жұмыс орындары сотталғандарды жұмыспен қамтумен қатар, олардың қылмыстарымен келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік береді», - делінен баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, Қарағанды облысындағы АК-159/21 мекемесінің аумағында бос тұрған ғимарат жеке кәсіпкерлерге беріліп, қазіргі таңда онда 6 сотталған азамат еңбек ете бастаған. Келешекте, өңдірісті кеңейту жолымен, жұмыс орындарының санын арттыру да жоспарлануда. Сонымен қатар, жақында мекеме аумағындағы шлакоблоктар шығаратын цех та іске қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар