Бизнес-леди Айнұр Нұрсейітованың әкесі бес күнге қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық бизнес-леди Айнұр Нұрсейітованың әкесі бес күнге қамалды.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен Н. әкімшілік құқық бұзушылық, яғни, бұзақылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, бес күнге қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық соты.

Еске сала кетсек, 12 қыркүйек күні ATLAS JET\ATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды. Көліктегі ІІД мәліметтері бойынша, алкогольді ішімдік ішкен үш жолаушы төбелескен. Оларға қатысты бұзақылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар