Бизнес құқық қорғау және қадағалау органдары тарапынан қысым көріп отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлық пен шенеунік қысымынан толыққанды әрі сенімді қорғанысқа сенім арта алады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Protecting business and investments» жобасының белсенділігі артып келеді. Бүгінгі таңда біз жиынтық инвестициясы 16 трлн теңгеден асатын 635 компанияны сүйемелдейміз. Жоба іскерлік ахуалды жақсартуға үлес қосты. Transparency Kazakhstan зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан 5 кәсіпкердің 4-і пара бермей, бизнес жүргізеді», - деді Алик Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.

Дегенмен, ол әлі де көптеген проблемалар бар екендігін баса айтты.

«Өкінішке қарай, бизнес құқық қорғау және бақылау-қадағалау органдары тарапынан қысым көруде. Сондықтан шетелдік және отандық инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу біздің басымдығымыз болып қала береді. Әрбір парасатты кәсіпкер сыбайлас жемқорлық пен шенеунік қысымынан толыққанды әрі сенімді қорғанысқа сенім арта алатынына сендіргім келеді. Біздің есігіміз әрдайым ашық», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар