Бизнес ісіне қол сұғу төтенше жағдай ретінде қаралады - Бектенов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бизнестің кез келген ісіне қол сұғу төтенше жағдай ретінде қаралады. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көбінесе шағын және орта бизнес қорғанысты қажет етеді. Өкінішке қарай бұндай кәсіпкерлердің арасында қарапайым құқықтарын білмейтін адамдар жиі кездесіп жатады. Мемлекет басшысының нұсқауымен, агенттік төрағасының бұйрығымен бүгінде бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлықпен күрес ведомствосы қызметінің басты басымдықтарының бірі ретінде айқындалғанына назар аудартқым келеді. Бизнестің кез келген ісіне қол сұғушылық біздің тарапымыздан төтенше жағдай ретінде қаралатын болады және оларға қарсы әрекеттер де төтенше жүргізіледі», - деді ол «Атамекен» ҰКП пен агенттік арасында жасалған жол картасын іске асырудың аралық қорытындысына арналған кеңесте.

Оның айтуынша, әкімшілік кедергілерді жою және бизнесті қорғау бағытында біршама жұмыс атқарылған. Мәселен, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«Бүгінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 78 пайызы шенеуніктердің қызмет алушымен араласуынсыз, яғни электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Цифр тілімен айтар болсақ, 120 млн қызмет шенеунік пен азамат арасындағы байланыссыз көрсетіледі. Бұл бағыттағы ілгерілеушілік анық байқалады. Осыдан 4 жыл бұрын бұл саны екі есе аз еді. Демек, шенеуніктердің азаматтар мен кәсіпкерлер үшін жасанды қиындықтар туындату мүмкіндігі екі есе жоғары болатын», - деді Олжас Бектенов.

null 

Соңғы жаңалықтар