Бизнес-форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея 32 келісімге қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда өткен бизнес-форум қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Корея құны 3 млрд долларды құрайтын 32 келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге сілтеме жасап.

«Қазақстан Үкіметі Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мырзаның сапарын мемлекеттеріміздің экономика, сауда, инвестиция және гуманитарлық байланыстарын нығайтудың мүмкіндігі ретінде қарастырады»,-деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстан-кореялық бизнес-форум барысында сөйлеген сөзінде.

Қазақстанның Үкімет басшысы оңтүстіккореялық делегацияның сапары аясында «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылғандығын атап өтті.

«Аталмыш құжатта сауда, инвестиция, энергетика, өнеркәсіп, логистика, жаңа инновациялық өндірістерді құру, құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет және білім сияқты салалар бойынша елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған бірқатар мәселелер қамтылған»,-деп қосты ол.


Авторы: Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар