Бизнес елордада ақылы көлік тұрағы санының артуына наразы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бизнес елордада ақылы көлік тұрағы санының артуына наразылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Палата алаңында көлік тұрағына қатысты мәселені бірнеше рет көтердік. Кедергілер жөніндегі кеңесіміз де бар. Барлық жерде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ғана емес, сонымен бірге астананы дамыту жоспары бойынша құрылыс нормасы мен ережелерінің барлық қағидатын бұзатындығын ескере отырып, шарттарды өзгерту қажеттігі туралы тиісті хаттамалық тапсырмалар да болды», -Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев ақылы көлік тұрақтары мәселесі талқыланған жиын аясында.

Мәселен, оның айтуынша, палата отырған бизнес орталықтың жанына ақылы көлік тұрағын орнату дұрыс емес.

«Бизнестің де пікірін ескірген жөн. Өйткені, кезінде кәсіпкерлер инвестицияларын құйды және ғимаратты жалға алу мәселесін қайта қарастыру қажет. Құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес, бизнеске 67 орын (көлік тұрағы) берілуі керек. Ал қазір керісінше оны алып, МЖӘ аясында жеке серіктестікке бермек. Жалпы, ақылы көлік орындары болғанына қарсы емеспіз. Алайда, халықтың да, бизнестің де пікірі ескерілуі тиіс. Мұның үстіне әкімдікке жобаны қарастыру барысында есептеулер мен стандарттар қайдан алынатындығын негіздеу қажеттігін бірнеше рет айтқан едік», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар