Бизнес ашу үшін берілетін мемлекеттік грантты кімдер ала алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында мамандар бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант кімдерге берілетінін айтты, деп деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алу үшін қатысушы business.enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы арқылы өтініш бере алады. Грант ұсынылатын адамнан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқығанын айғақтайтын сертификат, үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын нәтижелері және комиссияның оң шешімінің болуы талап етіледі», - деді Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекенов.

Құзырлы орган ақпаратына сәйкес, жобаға мына санаттағы азаматтар қатыса алады:

• 29 жасқа дейінгі жастар;

• Әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

• Көпбалалы отбасы жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар;

• Қандастар мен қоныс аударушылар;

• Мүгедек бала тәрбиелеп отырған тұлғалар;

• Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар;

• Асыраушысынан айырылғанына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушылар.

Еске сала кетсек, бұған дейін кәсіп ашу үшін азаматтарға берілетін мемлекеттік грант сомасы ұлғайғанын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар