Бізге титулды айқастар керек, ал Головкиннің титулы жоқ - «Канелоның» бапкері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (52-1-2, 34 КО) жаттықтырушысы Эдди Рейносо қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) болуы мүмкін үшінші жекпе-жек жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейносо бұрынғыша «Канело» тек қана титулды және біріктіруші айқастарға ғана шығуы керек деп санайды. Головкиннің титулы жоқ болғандықтан Альварестің командасы оның кандидатурасын мүлде қарастырмайды.

«Бізге жаңа айқастар, ірі титулды және біріктіруші жекпе-жектер қажет. Дәл қазір Геннадий Головкинді қарсылас ретінде көріп тұрған жоқпыз», - деп мәлім етті Рейносо.

Естеріңізге сала кетейік, GGG мен «Канело» бірінші рет жұдырықтасқанда тең түскен, ал екінші айқаста әділ қазы шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар