Бізге Сингапурдың банк саласындағы тәжірибесі қызық – Райымбек Баталов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов Сингапур мен Қазақстан арасындағы іскерлік әріптестіктің әлеуеті зор бағыттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан экономикасында Сингапурдың көлік логистикасы мен цифрландыруды дамыту саласындағы, инновоциялар секторындағы тәжірибесі аса пайдалып деп есептеймін. Бүгінгі таңда аталған бағыттар бойынша «ҚТЖ» ҰК «АҚ мен PSA International Pte Ltd. арасында белснеді әріптестік орнап жатыр. Бұл әріптестік келешекте әсері мол нәтижелерге бастайды», - деді Райымбек Баталов Қазақстан-Сингапур бизнес-форумында.

Оның сөзінше, Сингапурдың әлем көлеміндегі қаржылық орталықтардың бірі болғандықтан бұл саладағы әріптестіктің де әлеуеті мол.

«Бізге Сингапурдың банк саласындағы, инвестицияларды басқарудағы, сақтандыру және кәсіби қызметтер секторындағы тәжірибесі маңызды. Одан бөлек біз Сингапур инвестициясыныңауыл шаруашылығы, туризм, сауда, құрылыс, білім беру, даульді оқыту сияқты саларға қуана жылы қабылдаймыз. Қазақстандағы жаңашылдықтар, соның ішінде алым-салық саласындағы бетбұрыстар қазақ-сингапур әріптестігін бүкіл салалар бойынша өзара тиімді өрістетуге қосымша жағдай жасайды», - деді палата басшысы.


Соңғы жаңалықтар