+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ – Қырымбек Көшербаев

2020 жылғы 4 қыркүйек 13:00
Бөлісіңіз:
Бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ – Қырымбек Көшербаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматыда Достық үйінде өтіп жатқан Президент Жолдауын талқылау отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өлкетанушы Абайға қатысы бар Семейдегі үйді көрсетті Қызылордада «Абай» операсы тұңғыш рет сахналанды Алатау театрының әншілері Абайдың 175 жылдығына әдебиет күнін арнады

«Ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ. Осынау мәртебелі міндет жолында ұлы ақын мұрасына сүйеніп әрекет жасасақ, берекет табатынымыз анық. Біз іздеген барлық сауалдың жауабы хакім Абайдың өлмес өлеңінде, салиқалы сөзінде тұр. Абай аңсаған қоғам – ойы озық, санасы сергек «толық адамның» толыққанды қоғамы. Біз ақын мұрасына және зиялылар әлеуетіне сүйеніп, осындай қоғам орнатуымыз керек. Ол қоғамның ұлттық идеясы білім мен ілімге жетелейтін тәуелсіз елдің ағартушылық ұстанымы болуға тиіс. Ұлт болмысын жаңғырту барысында Абайды толғандырған жағымсыз қасиеттерден арылуымыз керек», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы зиялы қауымның жаңа кезеңдегі жаңа миссиясы туралы айтып өтті.

«Қай дәуірде де қазақ зиялылары өз қоғамында мәртебелі миссиясын атқарып келеді. Мысалы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қаламгерлер ұлттың рухын көтерді. Ұлт жазушылары жылымық кезеңде (оттепель) ел мүддесімен өзектес шығармаларды өмірге әкелді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында зиялылар халықты береке-бірлікке шақырды, ұлттық құндылықтарды түгендеп, тарихымызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Жаңа тарихи кезеңде қазақ зиялыларының ендігі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Сіздер – қазақ зиялылары – ұлттың ұлы мақсатына адастырмай апаратын темірқазығы болуларыңыз керек», - деді Қырымбек Көшербаев.

Айта кету керек, Алматыда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен зиялы қауым өкілдері Президент Жолдауын талқылап жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT