Біздің жастарымыз аға буын көрген қиындықтарды ешқашан сезінбесін - ҰОС ардагері

None
None
АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат - Біздің жастарымыз аға буын көрген қиындықтарды ешқашан сезінбесін, дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Атырау облысы Балықшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлибек Тұсыбалиев.

Ол бұл пікірін елорданың «Отан қорғаушылар» алаңында өтіп жатқан Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар барысында білдірді.

Елорда төрінде өткен Жеңіс күніне арналған шеруге осымен үшінші мәрте қатысып отырған ардагер барлық соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңістің 65 жылдық мерекесімен құттықтай келіп, олардың отбасына молшылық, дендеріне саулық тілейтіндігін атап өтті.

«Біздің жастарымыз аға буын көрген қиындықтарды ешқашан сезінбесін дегім келеді. Ал біздер, ардагерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризамыз», дейді майдангер.

Сонымен қатар ол өз ауданында да осы ұлы мерекеге орай барлық ардагерлерге әлеуметтік көмек молынан көрсетілгенін айтады. «Бұның барлығы еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықтың және елімізде жүргізіліп отырған саясаттың дұрыстығының арқасында», дейді У.Тұсыбалиев.

Соңғы жаңалықтар