Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Біздің Конституциямыз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі - Н.Назарбаев

2014 жылғы 30 тамыз 08:30 92
Бөлісіңіз:
Біздің Конституциямыз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы ел дамуы мен бір­лі­гі­нің, азаматтар құ­қық­та­ры­­ның мүлтіксіз

сақталуының кепілі - Конституция кү­нін жан-жақты атап өтуде. Ата Заң 19 жыл ішінде қо­ғам мен биліктің тұ­рақ­тылығын қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат Елбасы құттықтауының мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтауы

 Қымбатты отандастар!

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

19 жыл бұрын осы күні халқы­мыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата Заңды қабылдады.

Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды.

Мемлекет пен қоғамның ор­нық­ты дамуына жол ашқан Конс­титуцияның әлеуеті жоғары эко­номикалық өрлеу мен азаматтар әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді.

Біздің Конституциямыз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі болып табылады.

Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конститу­ция­сының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата Заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды.

Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ын­тымақ, табыс пен құт-береке тілеймін!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT