+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Біздің ғалымдардан фермерлер артық біледі - Өмірзақ Шөкеев

2018 жылғы 7 қыркүйек 13:00
Бөлісіңіз:
Біздің ғалымдардан фермерлер артық біледі - Өмірзақ Шөкеев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығын цифрландырылған технологияларға көшіру кезінде ауыл шаруашылығы мамандары да қайта жасақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, біз бес жылдың ішінде еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін 2,5 есеге арттыруымыз керек. Оның ішінде ең маңыздысы - агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға көшіру. Ол тұрғыда біз жаңа технологияларды енгізе отырып, дәлме-дәл егіншілікке көшуіміз қажет» , -деді ҚР Премьер министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрі АӨК-ті цифрландыруда жаңа технологияларды қолдануымен қатар, кадрлық құрам туралы да сөз етті.

«Алматы облысы Қаскелеңдегі аграрлық базаның жұмыс нәтижесін көріп, бізде ғылымның бар екеніне көзіміз жетті, дегенмен ол жерде проблема да жоқ емес. Мысалы, аталған ғылыми базада нақты жұмыс істейтін 50 ғалым бар, қалған 200 адамның немен айналысатыны түсініксіз. Сондықтан, біз қазір ғылыми институттардағы штат мәселесін қайта қараймыз. Яғни, нақты жұмыс нәтижесін көрсеткен ғалымдар, оның өзінде іс жүзінде оларға жағдай жасалады. Ал жай қағаз жазумен айналысатын ғалымдар қысқартылады. Бұл - әділ әрі дұрыс шешім», - деді Ө.Шөкеев.

Шөкеев, сонымен қатар, ЖОО-ға қатысты реформалар да жүргізілетінін сөз етті.

«Біз ЖОО-ның санын емес, сапасын арттыруымыз керек. Мысалы, 10 мың студент оқитын Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 1000 оқытушы бар, соның көп бөлігі бәсекеге қабілетті емес. Сол себепті академиялық стандартты күшейтеміз. Бәсекеге қабілеттті емес ЖОО оқытушылары экстеншн жүйесі бойынша практикалық жұмыстармен айналысады. Ал студенттерге келсек, олардың үздік деген 10%-на халықаралық стандартқа сай келетін диплом береміз», - деді ол.

null

Сол сияқты ғылыми-зерттеу институттарында да жүйелендіру жұмыстары жүргізіледі.

«Бізде қазір 20 ғылыми-зерттеу институты бар, соны жүйелендіріп, 12-сін ғана қалдырамыз. Және әрбір институттың өз базасында полигоны болуы керек. Соның негізінде базалық шаруашылықты дамытуымыз қажет. Ғылыми-зерттеу институттары жұмыстарын қағазбен емес, іс жүзінде көрсетуі тиіс. Қазір бізде ғалымдардан гөрі фермерлер артық біледі. Сондықтан, ауыл шаруашылығымен айналысатын ғалымдар институт ішінде отырмай, егін алқабында жүруі керек. Яғни, 70%-ы жаңа технологияларды енгізумен, қалған 30%-ы институт ғалымдарының ойлап тапқан жаңалықтарын енгізумен айналысуы керек», -деді Ө.Шөкеев.

Айта кетейік, бүгін Ақмола облысы, Шортанды ауданындағы А. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықта «Дәлме-дәл егіншіліктегі инновациялық технологиялар» атты ауыл шаруашылығы мамандарының конференциясы өтіп жатыр. Конференция жұмысына ҚР Премьер министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен ҚР Премьер министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT