Біздің елдеріміздің көшбасшылары арасындағы жоғарғы деңгейдегі жиі кездесулер Қазақстан мен Қытайдың өздерін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптес ретінде көретіндігін білдіреді - Қайрат Келімбетов

None
None
ЕЙЖІҢ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сыздықов/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао маусымның 11-12-сі күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл оқиға маңызды, өйткені Қытай сынды алып елдің көшбасшысы біздің республикаға соңғы 6 айдың

ішінде 2-ші рет келгелі отыр. Бұл біздің елдердің өздерін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптес ретінде көретіндігін білдіреді. Осы және басқа да мәселелер төңірегінде ҚазАқпарат тілшісіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов әңгімеледі.


- Сіз қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық деңгейін қалай бағалайсыз?

- Біздің елдердің көшбасшылары арасындағы жоғарғы деңгейдегі жиі кездесулер Қазақстан мен Қытайдың өздерін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптес ретінде көретіндігін білдіреді. 2009 жылы сәуірде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР-ға сапары барысында несие желісі туралы келісімге қол жеткізілді. Бөлінген 10 млрд АҚШ долларының 5 миллиарды мұнай-газ секторына арналған. Бұл желі бойынша бүгінгі жағдай мынадай.

«ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ компаниясымен Қытайдың CNPC компаниясы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да стратегиялық әріптеске айналды. Осының арқасында кәсіпорынның 50 пайыз акциясы жеке сектордан мемлекеттің қарамағына өтті, дегенмен сонымен бірге қытайлық компанияның үлесі өсті. Бұл қазақстандық және қытайлық мұнай компаниялардың арасында аталған саладағы ұзақ мерзімді сенімдікті дәлелдей түседі.

Екіншіден, «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» экспорттық тармағын жалғастыратын Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылыстары үшін қажетті барлық дайындық құжаттары аяқталды. Бұл Қытай үшін Қазақстан мұнай және газ тасымалдау саласында стратегиялық әріптес болады деген сөз. Ал бұл өте маңызды сенімді қарым-қатынас, өйткені біз энергия ресурстарын және басқа да шикізат ресурстарының табиғи жеткізушісі болып табыламыз.

Екінші, 5 млрд. АҚШ долллары елдің барлық индустриялық кешенін технологиялық жаңартуға бағытталған. Ху Цзиньтаоның желтоқсандағы сапары аясында Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңарту туралы келісімге (1 млрд. АҚШ долларынан астам) қол қойылды. Бүгінгі таңда барлық дайындық құжаттары, сараптамалар алынды және таяу аралықта қытайдың Sinopec компаниясымен бірлесіп аталған жобаны жүзеге асыру басталады.

ШМӨЗ-ды жаңарту бойынша екінші жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CNPC арасында келесі жылға дайындалуда, біз осы 5 млрд. доллардың бір бөлігіне иек артып отырмыз.

Үшінші жоба, мұнай химиясы және мұнай өңдеу саласында - CITIC-пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ың бірігуімен битум зауытының құрылысы. Маусымның 3-4-і күндері Алматыда өткен инвестициялық саммит барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен CITIC арасында, сондай-ақ осы зауыттың құрылысын жүзеге асыратын сәйкесінше бас мердігермен арада келісімге қол қойылды.

Егер осыған құны 1 млрд. АҚШ долларынан асатын Атырау газ-химия кешеніне ықпалдастырылған қытайлық Sinopec компаниясының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамында бірге басқаратын «Біріккен химия компаниясы» ЖШС-нің құрылысы жобасын қоссақ, онда іс жүзінде жоғарыда аталған барлық жобаларға негізгі сома кейінге сақталып отыр.

Мұнай өңдеу, мұнай химиясы, химия саласымен қатар металлургияға да көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта Ақтөбе жаңа буын металлургиялық зауыты бойынша құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы маусымның 25-інде Павлодар облысында бастапқы алюминий өндіру зауыты іске қосылады. Маусым айында Бозшакөл мыс кенін өңдеу басталады, сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясы «Бозшакөлде» және басқа да кен орындарында инвестициялық несие желісі аясында Қытай даму банкінің «Самұрық-Қазына» қорына берген 2,7 млрд доллары пайдаланылады.

Экономиканың негізгі дәстүрлі секторлары, яғни мұнай, газ, тау-кен металлургиялық салалар Қазақстанның жаңа мұнай өңдейтін, мұнай химиясы, химиялық және металлургиялық өнеркәсіптерін құруға мүмкіндік береді.

Міне, бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспардағы және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы экономиканы әртараптандыру деген осы.

- Сіздің Қытайға осы жолғы жұмыс сапарыңыздың негізгі қорытындысы қандай?

- Сапар атом өнеркәсібі саласындағы жоғары деңгейдегі кездесулер алдындағы кеңеске арналды. Табиғи ірі уран жеткізушілердің бірі ретінде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы табиғи уранды жеткізушілер бойынша қарым-қатынасты қалыптастырған Қытайдың CNNC және CGNPC компанияларымен біраздан бері белсенді бірлесіп әрекет жасауда. Осы сапар аясында алғаш рет біз бұдан да ұзақмерзімді әрі стратегиялық әріптестік мәселесін көтере бастаймыз. Тек қана табиғи уранды сату, Қазақстан аумағында бірлесіп өндіру ғана емес, сонымен бірге Қазақстан аумағында отын таблеткаларын және құрастыру өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін, яғни «даунстримдер» құру мүмкіндігін қарастырамыз. Жоғары деңгейдегі мұндай түсінік бұл компанияларда қазірдің өзінде бар.

Аз уақыттың ішінде атом саласындағы ынтымақтастықтағы стратегиялық мүдделерді, былайша айтқанда, бұл ресурстарды жеткізуді мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықпен салыстыруға болады. Шын мәнінде Қытайдың 23 атом реакторын құру бойынша өршіл жоспары, ұзақ мерзімде 100 атом реакторына жеткізу жоспары бар. Олардың барлығы тұрақты және ұзақмерзімді отын жеткізілімін қажетсінеді және бұл орайда Қазақстан мен Қытай шынайы әрі өзара бір-бірін толықтыратын әріптес болып табылады.

Мемлекет басшысы бір жағынан Қазақстанның мұнай, газ, уран, металл саласындағы энергия ресурстарын сенімді жеткізуші болып табылатындығын түсініп, екінші жағынан өзінің өзара қарым-қатынастарында ауыс-түйіс тек қаржылай ресурстармен ғана емес, сонымен бірге жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар, ноу-хау төңірегінде болуы қажеттігіне бағытталған өте нақты саясатын құруда. Сондықтан біз Қазақстанда жаңа индустрия құрылуы үшін қытайлық мұнай, уран және телекоммуникациялық компаниялармен белсенді ынтымақтасамыз.

- Қазіргі уақытта елімізде қытай экспансиясы және Қазақстан экономикасында Қытайдың кірігуінің өсуіне байланысты көптеген әңгімелер жүр.

- Әрине қоғамда осы тақырыпқа байланысты «Қазақстанда Қытайдың қатысуы тым артық емес пе» деген алып-қашпа әңгіме көп. Салыстыру үшін атап өткім келеді, 2009 жылға дейін ҚДБ пен ҚМБ (Қытай мемлекеттік банкі) арасындағы көлем 100 млн. доллар деңгейінде болатын, ең үлкен заем Мойнақ СЭС-іне берілді. 2009 жылы 13 млрд. АҚШ доллары Қазақстан күрделі қаржылық дағдарысқа тап болған мезетте тартылды.

Біріншіден, Қытай дағдарыс жылдарында өзін сенімді әріптес ретінде көрсете білді және ұзақмерзімді қарым-қатынастарға ғана емес, сонымен қатар бұл ресурстарды қайтаруға біздің қаржылық әлеуетімізге де сенді. Екіншіден, Қазақстан қаржы дағдарысы кезінде уақыт жоғалтқан жоқ. Керісінше қиын қаржылық кезеңде серпінді жобалар мен олардың жүзеге асырылуына мүмкіндік жасады. Мемлекет басшысы маусымның 3-4-і күндері өткен кездесуде шетелдік инвесторларға Қазақстанның дағдарыстың қауіпті фазасынан өткенін мәлім етті.

Әрине, әлемдік қаржы дағдарысында әлі де барлығы түсінікті емес, дегенмен Қазақстан ірі үш банкті БТА, АльянсБанкті және Темір-банкті сәтті қайта құрылымдаудан өткізді. Толығымен алғанда 11 миллиардтан астам қаржы есептен шығарылды, бірақ ең бастысы халықтың банк жүйесіне сенімін, тұрақтылығын сақтап қала алдық. БТА-ны қайта құрылымдау халықаралық сарапшылар тарапынан ең үздік қайта құрылымдау ретінде мойындалды. Толығымен алғанда Қазақстан тәжірибесіне бүкіл әлемде, әсіресе жаңа дағдарыстар ауқымында еуропалық елдер қызығушылық танытып отыр. Екінші жағынан біз уақыт жоғалтқан жоқпыз және индустриялық секіріске қуатты дайындама құрдық және бізде жаңартылған мұнай өңдеу зауыты болады, жаңа газ-химиялық кешен, металлургиялық зауыт салынатын болды, демек біз Мемлекет басшысы айтқан жолмен дұрыс жүріп келеміз.

Қазақстанда әртараптандырудың екі үлгісі жүзеге асырылуда. Біріншісі - дәстүрлі секторға, яғни мұнай мен газдан мұнай химиясын, кен рудасынан металлургия құруға негізделген, әртараптандырудың екіншісі үлгісі - өндеуші кәсіпорындардың жаңа салаларын құру.

Қытай табиғи ресурстарға, энергия ресурстарын, сонымен қатар жоғарғы шекті және қайта өндеу өнімдерін қажетсінеді. Дегенмен бұл нарықта біздің керегіміз болатынына кепіл емес. Бұл ұзақмерзімді өзара қарым-қатынастардың мәселесі және дәл қазір олар орнығу үстінде. Сондықтан менің көзқарасымша, бұл тақырыпты желпілдете беру артық. Біз керісінше өзіміздің бірегейлігімізді, біздің өзара бір-бірімізді толықтыратындығымызды нық дәлелдеуіміз керек.

Ендеше, таяу уақытта әлемдік экономиканың ірі драйвері кім болады деп сауал қойып көрейік. Біздің барлығымыз әлемдік экономика тіректері үштігінің бірі Қытай болатындығын түсінеміз. Ол әлемнің азиялық бөлігінің негізгі локомотиві әрі моторы болады. Сондықтан Қазақстанның бұған қатысуы қажет және біз дұрыс жолды таңдадық. Бұған елдер арасындағы, көшбасшылар арасындағы стратегиялық өзара қарым-қатынас куә. Бізде саяси, экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтасудың үлкен болашағы бар деп санаймын. Біз -тарихи көршіміз және Қазақстанға өзін әртараптандыруды кең құлашпен өрістету үшін орасан зор экономиканың қуатын пайдаланудың үлкен мүмкіндігінің сәті түсіп отыр.

- Әңгімеңізге рахмет!

Соңғы жаңалықтар