Біздің елде шахматқа жүйелі мемлекеттік қолдау жоқ – Жансая Әбдімәлік
2022 жылғы 22 маусым 16:05

Біздің елде шахматқа жүйелі мемлекеттік қолдау жоқ – Жансая Әбдімәлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйгілі шахматшы, халықаралық шахмат шебері Жансая Әбідмәлік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шахматты дамытуға бағытталған ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен елімізде шахматты дамытуға бағытталған бірнеше ұсыныс дайындап әкелдім. Менің ойымша осы ұсыныстар елде шахматты алға оздырып, қордаланған проблемаларды шешудің негізгі жолы бола алады. Қазір бізде жүйелі мемлекеттік қолдау жоқ. Мен елімізде шахмет пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салу керек деп есептеймін. Бұл мәселе Алматы қаласының әкімімен кездесуде де талқыланды», деді шахматшы.

Айтуынша, аталған базада елдің әр түкпірінен жиналған балалар оқитын болады.

«Біз ең талантты балаларды іріктеп аламыз. Ол жерде 1500-ден астам бала оқиды. Оның 300-і шахмат пен ІТ-саланы тереңдетіп оқытатын интернаттан білім алады. Неге ІТ-саланы қостық дегенген келсек, түрлік экспермиенттер жүргізілген. Түрлі ғылыми баяндамалар да бар. Шахматшының ойлау қабілеті ІТ-маманның ойлауымен бірдей. Біз 5 сыныптан бастап дәл осындай ғылыми бағдарлау тәсілін енгізбекшіміз. Сол арқылы саланы дамытуға болады», - деді Жансая Әбідмәлік.

Айта кету керек, Мемлекет башысы бұл ұсынысты қолдады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT