Біздің буынның пешенесіне Қазақстан елін өркениетті мемлекеттермен терезесін тең ету міндеті жүктелді -Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Біздің буынның пешенесіне Қазақстан елін өркениетті мемлекеттермен терезесін тең ету міндеті жүктелді.

3 сәуірде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысының жеңіске жетуіне байланысты бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өткен «Елбасымен бірге, алға!» атты форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Осы орайда Елбасы Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде еліміздің экономикасын түзету, халықтың әл-ауқатын жақсарту секілді белестер өткерілгенін айтып өтті.

Мұнымен қоса форум барысында Н. Назарбаев ҚР Президентінің сайлауы барысында қолдау көрсеткен Қазақстан халқына өз алғысын білдірді. Оның ішінде қоғамдық штаб өкілдеріне, жастардан құралған еріктілерге өз ризашылығын айтты.

«Барлық Қазақстан халқына шынайы ризашылығымды білдіріп, бас иіп алғысымды айтамын»,-деп түйіндеді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар