Біздің ауламызда ойын алаңы қашан салынады - алматылық балалар желіде қала басшылығына жүгінді

None
Видеодан алынған кадр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық балалар әлеуметтік желіде үйлерінің ауласында ойын алаңы жоқ екенін айтып, қала басшылығына шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаз келді, каникул басталды... Ал біздің ауламызда балалар ойын алаңы жоқ. Сонда біз қайда ойнаймыз? Сіздер бізге «кешке дейін сотка қарама» дейсіздер, ал далаға шығып ойнайық десек, үйдің ауласында балалар ойын алаңы жоқ. Сонда біз қайтпекпіз», - деді балалар.

Сондай-ақ, желідегі жазбада: «Медеу ауданының шенеуніктері 1 маусымға дейін Төлебаев көшесіндегі 27 және Назарбаев даңғылындағы 44 үйлердің алдындағы балалар алаңын жөндеуге уәде берген еді, алайда, уәделерін орындамады», - делінеді.
Аталған мәселе бойынша Медеу ауданының әкімдігі түсінік берді. Әкімдікте Назарбаев даңғылы, 44-үй мекенжайындағы ауланың аумағын жөндеу биыл «Халыққа қатысу бюджеті» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жоспарланғанын хабарлады.
«Сәуір айында конкурстық рәсімдер аяқталды, 1 мамырда»КазИнвестСтори«ЖШС мердігерлік ұйымы жөндеу жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда аталған мекен-жай бойынша ағаштарды санитарлық кесу, ойын алаңын демонтаждау жұмыстары жасалды, сондай-ақ жаңа бордюрлер қойылып, асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін учаскені тазарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта балалар ойын кешендері, орындықтар мен урналарды жеткізу күтілуде. Жұмыстар жоспар бойынша шілде айында аяқталуы тиіс», - деп жауап берді Медеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ биыл Медеу ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы мен жоспарға сәйкес аулаларды ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 100-ге жуық аула жөнделіп, жұмыстар 5 маусымда басталуы тиіс.
«Желіде айтылған жұмыстардың аяқталу мерзімін Медеу ауданының әкімдігі хабарламаған. Себебі, аулаларды жөндеу жұмыстары мамыр-маусым айларында барлық конкурстық рәсімдер аяқталған соң басталып, үш ай ішінде орындалады», - деп хабарлады Медеу ауданының әкімдігі.
Соңғы жаңалықтар