+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бiздi тек ɵз жауапкершiлiгiмiз ғана сақтап қалады - Жайнагүл Құсайынова

2020 жылғы 3 шілде 16:39
Бөлісіңіз:
Бiздi тек ɵз жауапкершiлiгiмiз ғана сақтап қалады - Жайнагүл Құсайынова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індетінен бізді тек өз жауапкершілігіміз ғана сақтап қалады. Мұндай пікірді «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы Жайнагүл Құсайынова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда короновирус жұқтырған 825 адам үйінде ем қабылдап жатыр Дәрігерлер осындай: Қостанайлық дәрігер коронавируспен қалай күрес жүргізілгені туралы айтып берді Алматыда КВИ ауырып жазылғандарды оңалту бағдарламасы жасалады

«Өкінішке орай, елімізде аты жаман iндет күннен-күнге ɵршiп жатыр. Осы аурудың шығуына байланысты наурыз айында төтенше жағдай жарияланғанда, көпшіліктің күмәнмен қарап, сенбегені де жасырын емес. Енді өздеріңіз танитын қаншама адамдар отбасындағы бала-шағасымен, туған-туыстарымен жаппай осы iндеттi жұқтырып, қатты ауырып жатқаны белгiлi. Ауырған адамдармен бетпе-бет келiп, олардың ɵмiрiн сақтап қалу үшiн жанталасып жүрген ақ халатты абзал жандар - дəрiгерлерге де оңай емес. Олар бар мүмкіндіктерінше адамдарға қызмет көрсетуде. Бірақ емдеуші дәрігерлердің де денсаулықтарына қауіп төнуде»,- деді ол.

Жайнагүл Құсайынова халқымыздың амандығын, отбасымыздың денсаулығын ойласақ, құзырлы мекемелер айтып жатқан шектеулерге мән беріп, карантиндiк талаптарды қатаң орындау керектігін баса айтады.

«Бұл соншалықты қиын емес қой. Қазiргi уақытта бiздi тек ɵз жауапкершiлiгiмiз ғана сақтап қалады. Бiр-бiрiмiзге жанашырлықпен қарап, бiр-бiрiмiздiң денсаулығымызды бағалап, осы дерттiң етек алуын тоқтатуға көмек көрсетейік. Бiз бiргемiз! ҚазАТУ жастары карантиндiк талаптарды орындайды! Өз болашағымыз үшін індетке қарсы біргемiз!», - деді Жайнагүл Айтмағанбетқызы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT