Біздегі ұлтаралық саясаттың адал ниетпен жүргізіліп отырғандығына еш күмән болмауы керек - Сенат депутаты Ж.Ерғалиев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - "Біздің елімізде барлық ұлттар мен ұлыстардың алаңсыз өмір сүріп, еңбек етулері үшін барлық жағдай жасалған.

Біздегі ұлтаралық саясаттың адал ниетпен жүргізіліп отырғандығына ешкімнің де күмәні болмауы керек. Бұл туралы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, еліміздегі бірлік пен ынтымақты сақтаудың маңыздылығына барлық қазақстандықтардың тағы да көзін жеткізу үшін Астанада өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сьезі тарихи шара болып табылады.

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында айтқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Менің бар тілегім де, зор тілегім де -ел бірлігі» деген сөзі өзінің өміршеңдігін сақтап келді, әлі де ол өз маңызын жоймайды. Өйткені әлем бойынша қалыптасып отырған қазіргі жағдай ел бірлігінің қаншалықты маңызды екендігін ұғындыра түсері сөзсіз. Сондықтан да елдегі бірлікті сақтауды әр қазақстандық тәуелсіздік алдындағы өз жауапкершілігі деп санағаны абзал",- дейді Ж.Ерғалиев.

Соңғы жаңалықтар