+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Бізде ситуациялық лидерлер көп – Ерлан Қарин

2019 жылғы 17 шілде 18:22
Бөлісіңіз:
Бізде ситуациялық лидерлер көп – Ерлан Қарин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин жаңадан құрылған ұйымның бұған дейінгі диалог алаңдарынан айырмашылығы неде болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ерлан Қарин ұйымның бұған дейін жұмыс істеген диалог алаңдарынан ауқымдылығымен ерекшеленетінін атап өтті.

«Кейбір сарапшылардың әлеуметтік желілерде Ұлттық кеңесті бұған дейін құрылған диалог алаңдарымен салыстырмалы түрде талдап жатқанын мен де байқадым. Бұл теңеулер дұрыс емес. Себебі ол алаңдар нақты бір мәселе төңірегінде құрылған уақытша диалог алаңдары болатын. Мысалы, Жер комиссиясы жер туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мақсатында құрылған алаң болатын. Ал бұл (Ұлттық кеңес - авт.) тұрақты түрде жұмыс істейтін консультативтік кеңес органы болады. Президентке үнемі қоғамдағы әртүрлі алаңдататын мәселелерді ескеруге, қоғам өкілдерімен тікелей диалог арқылы пікір алмасу барысында тиісті бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады», - деді ол.

Ұлттық кеңес хатшысы ұйымның құрамын анықтау кезінде тұрақты түрде қоғамдық мәселелермен шұғылданған, өз саласының мамандарын тартуға басымдық берілгенін айтты.

«Қазір бізде ситуциялық лидерлер көп. Ал біз тұрақты түрде елмен жұмыс істеп жүрген адамдарды тартуға тырысты. Сонымен қатар оның өз саласындағы біліктілігі де ескерілді. Тек «күйіп тұрға тақырыптармен» ғана шұғылданбай, өз мақсаты мен міндетін айқын атқаратын адамдарды топтастыруға тырыстық», - деді Ерлан Қарин.


Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ кеңестің құрамына кімдер енгені белгілі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT