#Bizbirgemiz:Түркістан облысында азық-түлік бағасы тұрақтала бастады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде төтенше жағдайға байланысты қолға алынған республикалық #Bizbirgemiz акциясын түркістандық кәсіпкерлер қолдап, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуде. Сондай-ақ өңірде бағаны ұстап тұрудың кешенді шаралары өз нәтижесін бере бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен Келес ауданының орталығы Абай ауылында әлеуметтік дүкен ашылып, ондағы бір қап ұн бағасы 6500 теңгеден сатылуда. Ал, бір келі картоп 80 теңгеден және пияз 95 теңгеден саудалануда. Игі іс Nur Otan партиясы Келес аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылуда. «Әуес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен ауданда аз қамтылған аса мұқтаж 75 отбасына 1 қап ұннан беріліп, 1000 дана тегін бетперделер таратылды.

Айта кету керек, елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап аудандағы 300-ден астам көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетілген. Бұл жанұяларға азық-түлік, ұн және 6 мыңнан астам тегін бетперделер үлестірілген.


Соңғы жаңалықтар