+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

#BizBirgemiz: Қазақстандық кәсіпкерлер коронавируспен күреске қаражат бөліп жатыр

2020 жылғы 21 наурыз 15:42
Бөлісіңіз:
#BizBirgemiz: Қазақстандық кәсіпкерлер коронавируспен күреске қаражат бөліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына еліміздің барлық өңірінен қайырымдылық ретінде қаражат түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сәкен Майғазиев қазақстандықтарды сабырға шақырып, күйзеліске түспеуге кеңес берді «Қазақстандықтардың көбі КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып болғаны» рас па – Цойдың жауабы Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттерге жазды.

«Көптеген дәулетті қазақстандықтар коронавируспен күреске қаражат аударып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысы отандық меценаттар мен ірі кәсіпкерлердің қолдауына ие болды», - деді А. Үкібай.

Оның айтуынша, бұл – жалпы қауіп-қатер жағдайында қоғамның, мемлекет пен бизнестің шоғырлана алуының айқын дәлелі.

«Қазақстандықтар кезекті рет өздерінің бірлігі мен қайсарлығын, жақынына көмектесуге және қиындықтарды бірге жеңуге дайын екендігін көрсетті», - деп атап өтті Айдос Үкібай.

Жиналған қаражат Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес жұмсалады.

«Қоғамдық қорға меценаттар мен кәсіпкерлер – Тимур Құлыбаевтан 10 миллион доллар, Айдын Рахымбаевтан - 2 миллион доллар, Кеңес Рақышевтен - 1 миллион доллар, Ғалымжан Есеновтен - 2 миллион доллар, Рашид Сәрсеновтен - 2 миллион доллар, Александр Клебановтан - 2 миллион доллар және Александр Беловичтен – 2 миллион доллар қайырымдылық көмек түсті», - деп хабарлады А. Үкібай.

Қазіргі уақытта қоғамдық қорға 41 миллион доллар қаражат жиналды.

Коронавирустық инфекциямен күресті қолдауға қаражат жинау жалғасуда.

Қоғамдық қор реквизиттері:

Алушы: «Birgemiz» қоғамдық қоры

Алушы банкі: Нұр-Сұлтан қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалы

KZT ағымдық шоты (IBAN счет): KZ0896503F0009566181

USD ағымдық шоты (IBAN счет): KZ5196503F0009566183

БСН/ЖСН: 200340023803


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT