+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

#BizBirgemiz: Ақтөбеде дәрігерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілді

2020 жылғы 3 сәуір 18:37
Бөлісіңіз:
#BizBirgemiz: Ақтөбеде дәрігерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік кәсіпкер дәрігерді үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «BizBirgemiz» акциясы жүріп жатыр. Партия мүшесі, ақтөбелік кәсіпкер облыстық клиникалық инфекциялық аурухана қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп берді.

«Мен бұрын хирургия саласында еңбек етіп, ота жасадым. Ақ халаттылардың жұмысы қиын, еңбегі зор екенін білемін. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап өңірдегі дәрігерлер де кезекшілікке шықты. Олар отбасынан жырақта, ауруханада жүр. Сондықтан мейрамхана ұжымы үш мезгіл ыстық тамаған әзірлеп, көмек берді», - дейді кәсіпкер Бану Тілегенова.

Айта кетейік, «BizBirgemiz» акциясы аясында «Жас Отан» ЖҚ еріктілері көмегімен облыстағы мыңға жуық отбасына азық-түлік және антисептик таратты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT