Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде Жастар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

"Еліміздің жастары мен талантты азаматтары мемлекеттік қызметте ілгерілеу үшін арнайы кадрлық бағдарлама дайындаймыз. Болашағымыз жастардың қолында! Еліміздің ертеңі де – жастар! Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Бұл – бизнес ашу, білім алу, жұмысқа орналасу, табыс табу деген сөз. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Біздің елімізде бәсекеге қабілетті әрі талантты жастар көп. Сондықтан, осындай креативті жастарға кеңінен жол ашып, жағдай жасау керек. Олар жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсайды деп сенеміз", - делінген Ақорданың твиттердегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар