Біз жаңа экономиканы құрып, жаңа буынды тәрбиеледік-Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан «Астана экономикалық форумында» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуын жалғастыру үшін қажет қадамдарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни 1993 жылы біздегі қаржы тапшылығы кезеңінде жастарды мыңдап әлемнің үздік университеттеріне жібере бастадық. Бүгінде 20 мың жас маман білім алуды жалғастыруда. Осы уақыт ішінде заманауи 3 университетті құрдық. Сонымен қатар, құрылған зияткерлік мектептерде үздік балалар оқып жатыр. Атап айтқанда, біз жаңа экономика жасап және жаңа елорданы салып, жаңа буынды тәрбиелеп шығардық. Бұл жұмыстарды жалғастыру керек. Мұнымен қоса, елде тәжірибелік істермен де айналысу маңызды. Бұл тұрғыда адамдардың өмір сапасын жақсартуға екпін қойылады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның басшылығы осыған дейін басталған істі жалғастыратынын атап өтті.

«Стратегия-2050» еліміздің 2030 жылға қарай әлемнің дамыған топ-30 құрамына енуін ескеріп отыр. Ол үшін қажетті барлық бағдарламалар жасалды, бұл ретте бастамаларды жүзеге асыру үшін қаржы бар. Бізде мүмкіндіктер мен кадрлар жеткілікті. Сондықтан осы жұмыстарға болашақта Үкімет назар аударатын болады», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар