Біз үшін Қазақстандағы сайлау тәжірибесі қызық – Беларусь өкілі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Беларусь үшін Қазақстанның депуттар сайлауын өткізу тәжірибесі қызық. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Беларус Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдер палатасының қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Александр Маркевич айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Қазақстанда саяси жүйкені жаңғырту процесі жүріп жатыр. Бұл жолда өте көп шаруа тындырылды. Қазір Парламенттің төменгі сайлауы жаңа ережемен, жаңа шарттармен өткелі жатыр. Біз саяси партиялардың сайлау процесіне белсенді қатысуы үшін үлкен жұмыс жүргізілгенін көрдік. Парламент палатасының құрылуы аралас жүйе бойынша өтеді. Бізге көпшілік округтер бойынша қанша кандидат тіркелгені туралы сандар көрсеткен кезде тіркеуден өткен кандидаттардың санына таң қалдық. Біз қарапайым халықтың да, кандидаттардың да елдегі саяси өмірге қатысуға ынталы екенін көріп отырмыз», - деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

Халықаралық топтың үйлестірушісі Қазақстанның бұл тәжірибесі жіті зерделеніп, Беларусь еліндегі бірыңғай дауыс беру күнін өткізу кезінде ескерілетінін атап өтті. Айтуынша, ол сайлауда да Беларусь парламентінің төменгі палатасы мен жергілікті кеңес депутаттары сайланады.

ҰҚШҰ миссиясының құрамында Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан өкілдері бар.


Соңғы жаңалықтар