Біз тәуелсіз Қазақстанның іргесін бірге қалап, жаңа тарихты жазуға бірге кірістік - Елбасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр. Іс-шара барысында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарған 30 жылдағы қиындықтар мен сынақтарды да еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Естен кетпес 1989 жыл уақыт өткен сайын алыстап барады. Заман сондай. Сол кезде Қазақ КСР коммунистік партиясының бірінші хатшысы етіп дәл осы залда сайлап едіңіздер. Көп жыл куә болған ел басқару міндетін 30 жыл бойы атқардық. Біз тәуелсіз Қазақстанның іргесін бірге қалап, жаңа тарихты жазуға бірге кірістік. Мына жастардың отырғанына қуанамын. 30 жыл бойы жас ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін қызмет етіп келеміз. Бүгін мен 3 мәселе туралы айтқым келеді. Біріншіден, 30 жыл бұрын алдымызда қандай қиындықтар тұрды? Екіншіден, оларды қалай шештік? Үшіншіден, болашақта не күтіп тұр? Осы мәселелер әлі күнге маңызды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр. Жиында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевты егемен елдің жылнамасын жазған адам деп атады.

Соңғы жаңалықтар