+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

«Біз Сізбен қашан да біргеміз!»: Назарбаев Университетінің Президенті Елбасына хат жолдады

2020 жылғы 19 маусым 12:21
Бөлісіңіз:
«Біз Сізбен қашан да біргеміз!»: Назарбаев Университетінің Президенті Елбасына хат жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Назарбаев Университетінің ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирус індетінен жылдам сауығып кетуді тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Назарбаев Университеті және «Júsan» компаниялар тобы атынан хат жолдаған. Өз сөзінде Шигео Катсу Елбасына үнемі қолдау көрсеткені үшін Назарбаев Университетінің студенттері, оқытушылары, бүкіл қауымдастығы атынан алғысын білдірді және «Júsan» компаниялар тобымен бірлесіп, шын көңілден зор денсаулық, қажымас күш-қуат, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайда басталған, жергілікті денсаулық сақтау мәселесі болып көрінген COVID-19 індеті бірнеше апта мен айдың ішінде апатты ауқымдағы жаһандық індетке айналып, қоғамдағы және елдер арасындағы өзара іс-қимыл сипатын дереу өзгертті. Өте жұқпалы COVID-19 физикалық әлеуметтік қатынастарды тоқтатуға және олар осалдана бастаған кезде адамдардың оқшаулануына әкелді. Пандемия әлеуметтік жаратылыс ретіндегі адамдардың табиғатын бұзады және адамзаттың негізіне зиянын тигізеді», – делінген хатта.

Шигео Катсу өз хатын: «Біз Сізбен қашан да біргеміз!» деп аяқтаған.

Еске салайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске шалдығып, үйінде оқшауланған болатын.

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Н.Назарбаевтың денсаулығына қатысты алаңдауға негіз жоқ екенін мәлім етті.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT