Біз өскелең ұрпақты нағыз патритот етіп тәрбиелеуіміз керек - Оңдасын Оразалин

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Жаңарған Қазақстанның тірегі - бірлікте» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сессияға депутаттар, кәсіпкерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиал мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық келісім, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің мүшелері қатысты.
«Ассамблея төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде геосаяси жағдайдың қазір шиеленісіп тұрғанына баса назар аударды. Жаңа міндеттер туындауда. Бұл ретте елдің азаматтық бірегейлігін нығайтып, патриоттық рухты тәрбиелеуге баса назар аударуымыз керек.
Біздің «біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» деген басты қағидамыз ​ешқашан өзгермейді. Біз өскелең ұрпақты нағыз патриот етіп тәрбиелеуіміз керек. ​Азаматтарды қалай да болса кемсітуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға жол берілмейді. Әрқайсымыздың пікіріміз әртүрлі, бірақ бізде қоғам мен мемлекет бір. Өз жұмысымызда біз алдымен, осы қағидаларды басшылыққа алуымыз керек»,- деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Сондай-ақ, сессияның күн тәртібіне Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктерді әрі қарай дамыту, этносаралық қатынастарға медиацияны қолдану, жастардың бастамаларын дамыту, жастарды жасампаздық және​ әлеуметтік қызметке араластыру ​талқыланды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк, Медиация жөніндегі төрағасы Светлана Балпейісова атқарылған жұмысты қорытындылады.
Бұдан бөлек, отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесі мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.


Соңғы жаңалықтар