Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Біз оқушының алдында жауаптымыз - Күләш Шәмшидинова

2019 жылғы 19 сәуір 15:54 1359
Бөлісіңіз:
Біз оқушының алдында жауаптымыз - Күләш Шәмшидинова

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын №5 көпбейінді гимназиясына, Семей қаласындағы №49 орта мектепке, сондай-ақ, аталмыш мектеп ішінен ашылған «Педогогикалық - психологиялық түзету» кабинетінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қалалық білім бөліміне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Щучинск қаласында жаңа ІТ мектеп-лицей пайдалануға беріледі Қарағанды облысында 7-сынып оқушысы Сәкен Сейфулиннің 70 өлеңін жатқа оқыды

Кездесу барысында министр Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын №5 көпбейінді гимназиясынының көпжылдық тарихына қарамастан, жаңа заман талабына сай екенін атап өтті. Мектеп НЗМ стандарттарына сай жаңа технологиялармен жабдықталған.

Сондай-ақ, Күләш Шәмшидинова «Дара» қорының көмегімен ашылған, бүгінгі күні 400-ден астам баланы қамтып отырған «Педогогикалық - психологиялық  түзету» кабинетіне барды. Мұнда әр балаға тиісті жағдай жасалған. Министр мектеп ішінен ашылған кабинет жайлы:

«Корекциялық кабинет жайында бірнеше рет естігенмін, бүгін ойымдағыны көргендей болдым. Бұл - ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеу, оңалту және ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына кеңес беру, көмектесу қызметін көрсететін  бірден-бір орын», - деді.                                                                                                                         

Күләш Ноғатайқызы педогогикалық ұжыммен кездесіп, ұстаздарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Министрге кітапханашылар мен әдіскерлердің еңбекақысы, критериалды бағалау, білім беруде шет тілдердің енгізілу жүйесі туралы сұрақтар қойылды. 

Ұлт көшбасшысының жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру бастамасы мұғалімдерге де қатысты.

«Ең бірінші кезектегі мәселе - табысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру. Қазір ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде есеп жүргізіліп жатыр. Дайын болғанда хабарлаймыз», - деді министр.
Біз оқушының алдында жауаптымыз - Күләш Шәмшидинова 

Министр өз сөзінде мектептердің жаңа бағдарламаға көшу себептеріне баса назар аударды.

«Бұдан ары да өзгерістер болады, жұмыс жасалады. Себебі, біз алдымызда отырған оқушылардың, олардың ата-анасы мен мемлекет алдында жауаптымыз. Бүгінде заман талабына сай еңбек нарқы өзгеріп жатыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу өте маңызды. Балаларға ойлануды, ойын жеткізуді үйретуіміз керек», - деді Күләш Шәмшидинова.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT