«Біз миллиондаған панфиловшылармыз»: Алматы естелік штандартын Екатеринбургқа табыстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Біз миллиондаған Панфиловшылармыз» халықаралық естелік штандартын Екатеринбург қаласына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Жиынға қала тұрғындары, құрметті қарауыл жасағы, Ұлттық Гвардия, аэроұтқыр әскери жасағы, әскери-үрлемелі аспап оркестрі, генерал Панфилов атындағы №54 мектеп оқушылары қатысты.

Жиналғандар 28-Панфиловшылар паркіндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

«Бұл тек Алматы үшін ғана емес, Қазақстан үшін де мерейлі оқиға. Соңғы уақытта түрлі қауесет тарап жатыр. Оның ерлігі тарихта болмаған деп. Ресей мен Қазақстан тарихшылары жаппай ерлікті қазақстандықтар жасағанын дәлелдеді. Ешкім Мәлік Ғабдуллиннің, Төлеген Тоқтаровтың ерлігін жоққа шығара алмайды. 17 танк жойғыш, 11 сапер туралы да тарихта жазылған. Сондықтан, қазақстандықтардың бойында жеңімпаздың қаны ағып жатыр», - деді генералдың немересі Алуа Байқадамова.

Ресми бөлімнен соң жиылған қауым Офицерлер үйінде Панфилов дивизиясының ерлігіне арналған фильмді, концертті тамашалады.

Айта кету керек, акция Орынборда басталды. Төртінші қала ретінде Алматы штандартты Новосібірден қабылдап алған болатын. Бүгін Екатеринбург қаласы алып жатыр. Одан әрі естелік штандарты Қырғыз Республикасы, Тәжікстанға сапар шегеді. Бұл акция қараша, желтоқсанда Волоколамск қаласында аяқталады.

20 ақпанда аталған оқиғаға орай Алматы әкімдігінің, қалалық қорғаныс ісі бойынша департаментінің бастамасымен жауынгерлер шеруі өтеді.

null
null

Соңғы жаңалықтар