Біз мемлекеттік басқару саласына арналған тренингтер жобасын жасадық - Ерлан Әбіл

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік басқару саласына арналған бағдарламалардың тренерлері - отандық және шетелдік жетекші сарапшылар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысы жарияланды.

«Өзіңді үздіксіз дамытып отыру - жетістікке жету мен еңбекке қабілетті болудың кепілі болады. Қатысушыларда өздерінің даму деңгейін көру мүмкіндігі болды. Әр резервші кезең сайын қандай нәтиже көрсеткені туралы есеп алып отырды, бұл құрған жоспардың дамуының негізі бола алады», - дейді Ерлан Әбіл.

Оның айтуынша, кадр резервіндегі кандидаттар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және басқа да ұйымдарда біліктіліктерін арттыра алады.

«Біз мемлекеттік басқару саласына арналған »Ойлау дизайны«, »Эмоционалды интеллект«, »Стратегмялық менеджмент«, »Жобалық менеджмент«, »Бизнес процестерді жүзеге асыру« және тағы да басқа тренингтер жобасын жасадық. Бұл туралы Академияның сайтынан көруге болады. Бұл бағдарламалардың тренерлері - отандық және шетелдік жетекші сарапшылар. Олардың кәсіби деңгейлері жоғары. Резервтегілер осы тренингтердің бірін таңдап, кәсіби біліктілігін арттыратын болады», - дейді ол.

Финалға 13 мыңнан астам адам өтінім беріп, 330-ы іріктелген. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 300 үміткер Президенттік жастар кадр резервіне алынды.

Соңғы жаңалықтар