Біз Қытайды жарқын көрші әрі сенімді серіктес мемлекет ретінде танимыз - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қыркүйектің 29-ында Астанадағы «Pekin Palace» қонақүйінде Қытай Халық Республикасының қалыптасуына 60 жыл толуына байланысты салтанатты қабылдау рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Салтанатты жиынға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұртай Әбіқаев, Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және Өкілетті Елшісі Чэн Гопин, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік органдары мен дипломатиялық саланың өкілдері қатысты.

 «Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар тарихи ғасырлар қойнауынан бастау алады. Бүгінгі таңда елдеріміз өзара теңдік пен құрметке негізделген ықпалдастықтың жаңа үлгісін қалыптастырды. Біз Қытайды жарқын көрші әрі сенімді серіктес мемлекет ретінде танимыз», деді Сенат Төрағасы.

 Өз кезегінде Чэн Гопин қазіргі кезде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде қалыптасып отырғанын айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, Қытай бүгінде Қазақстанның екінші сауда серіктестерінің бірі. Екіжақты сауда көлемі өткен жылы 17 миллиард 550 миллион АҚШ долларын құраған.

Соңғы жаңалықтар