Біз келіссөздер процесін ілгерілетуге арналған кез келген әрекетті қолдаймыз – Сенат төрағасы
2022 жылғы 29 наурыз 11:50

Біз келіссөздер процесін ілгерілетуге арналған кез келген әрекетті қолдаймыз – Сенат төрағасы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысында биыл Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат Төрағасының айтуынша, Қазақстан төрағалық кезеңінде пандемиядан кейін қайта қалыпқа келу, цифрлық технологияны енгізу, азық-түлік қауіпсіздігі, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелеріне басымдық берілді. Сондай-ақ спикер қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» технологияны енгізу, табиғатты тиімді пайдалану мәселелері де басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Өз сөзінде Сенат төрағасы ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысы әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси жағдайдың шиеленіскен тұсында өтіп жатқанын айтты.

«Біздің еліміз қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі және халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттары негізінде халықаралық проблемаларды бейбіт жолмен шешуден басқа балама жоқ екендігі туралы ұстанымды құптайды. Осыған орай біз келіссөздер процесін ілгерілетуге арналған кез келген әрекетті қолдаймыз», – деді Мәулен Әшімбаев.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT