Біз қазір түркі әлемінің қайта, жаңа өркендеу дәуірінің қанат жаюына ықпал етер кезеңдеміз - Қ. Сұлтанов

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Біз қазір түркі әлемінің қайта, жаңа өркендеу дәуірінің қанат жаюына ықпал етер кезеңдеміз. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында сенатор Қуаныш Сұлтанов осылай мәлім етті.

«Тарихтан белгілі ежелден қалыптасып қалған «түркі әлемі» деген ұғым бар. Бұл қоғамдастықтың өркениет дамуына қосқан үлесі аз емес. Біз қазір осы әлемнің қайта, жаңа өркендеу дәуірінің қанат жаюына ықпал етер кезеңдеміз. Еліміз тәуелсіздік алғалы түркітілдес мемлекеттермен берік ынтымақтастық орнап, арадағы қатынасымыз нығайып келеді. Бұл ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болып қалыптасты және алдағы уақытта оның даму мүмкіндігі зор», деді Қ. Сұлтанов.

Сенатордың айтуынша, өткен жылдың күзінде Елбасы Н. Назарбаев ұсынған Түркітілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесін құру идеясы басқа туыстас елдер басшылары тарапынан нақты қолдауға ие болған. «Бұл келісім түркі халықтарының бірлігін күшейтуге, ортақ тілімізді, дінімізді, рухани-мәдени мұраларымыз бен салт-дәстүрлерімізді жақындастырып, түркітілдес мемлекеттермен арадағы достық, татулық ынтымақтастық қарым-қатынасты одан сайын ұлғайтуға септігін тигізетіні сөзсіз», деді Қ. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар