Біз Қазақстанның азаматтық қоғам қалыптастыру жолындағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз -Франция өкілі

None
None
АСТАНА. Маусымның 26 cы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Роуз - Рот» семинары сөзсіз есте қаларлық оқиға болады. Өйткені ол Қазақстанда және Азия аймағында ұйымдастырылып отырған алғашқы жиын.


Бізде Бакуде өткен семинар барысында Азия аймағының жағдайын талқыға салатын мүмкіндік болған. Алайда біз бүгін Орталық Азияның қақ ортасында отырмыз. Біз  Қазақстан туралы көп білеміз. Бұл Орталық Азиядағы теңдесі жоқ мәдениеті мен ұзақ жылдарғы тарихы бар осы аймақтағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар ол түрлі менталитеттер мен ұлттардың және діни көзқарастардың тоғысқан тұсында орналасқан ел». Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан НАТО-ның «Роуз-Рот» Парламенттік Ассамблеясының 71- ші семинарында Францияның Ұлттық асcамблеясы делегациясының  мүшесі Лейка Бувард Қазақстанға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның  айтуынша, Қазақстан қазір аталған көзқарастары ортақ мүддеге жұмылдыруға ұмтылып отыр. «Қазақстан табиғи ресурстарға да бай мемлекет. Осыған орай оның  даму қарқыны да ерекше жоғары және ол аймақтағы лидерлердің бірі. Оның халықаралық деңгейдегі мәртебесі де жоғары және ол уақыт өткен сайын барынша өсе түсуде. Алдағы жылы бұл мемлекет Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін болады. Бұл оның халықаралық деңгейдегі жарқын беделінің көрінісі. Алайда қазір Қазақстан мен осы аймақтағы жағдайға қатысты қалыптасқан бірқатар мәселелер де бар. Олардың бірқатары кеше өткен НАТО-ның қауіпсіздік мәселесіне байланысты жиынында да талқыланды. Бүгінгі отырыс барысында біз осы мәселелерді кеңінен талқылап, оған қатысты нақты шешім қабылдаймыз деген ойдамын», - деді Франция өкілі.

 «Осы орайда айта кететін мәселе біз бүгінгі жиынға Орталық Азиялық әріптестерімізге ақыл үйретіп, өзіміздің демократияға деген көзқарастарымызды таңу үшін келген жоқпыз. Әр мемлекет өзінің менталитеті мен ұлттық ерекшеліктерінің негізінде дамиды. Дегенмен біздіңше демократиялық құндылықтардың баршаға ортақ дүниелері бар. Өйткені демократия қауіпсіздіктің кепілі.  Демократияшыл елдер бір-бірімен ешқашан соғыспайды. Ал біз Қазақстанның бүгінгі азаматтық қоғам қалыптастырудағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз»,- деді мәртебелі мейман.

Соңғы жаңалықтар