+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз: Президент мемқызметшілерді құттықтады

2021 жылғы 23 маусым 10:11
Бөлісіңіз:
Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз: Президент мемқызметшілерді құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президентке жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берілді Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясын қабылдады Президент ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады

«Бүгін - мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, 2014 жылдан бері 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні ретінде атап өтіліп келеді.

Бұл атаулы күннің тарихы ХХІ ғасырдан бастау алады. 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған болатын.

Араға 10 жыл салып, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым бізде де мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT