Біз Грузия кәсіпорындарымен экономикалық байланысымызды одан әрі нығайтуды көздеп отырмыз - Алматы әкімі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зураб Патарадзені қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды талқылады.

«Алматы Грузия мемлекетімен байланысын нығайтып келеді. Қалада 6 ортақ кәсіпорын бар,сондай-ақ грузин капиталымен 16 кәсіпорын жұмыс істеуде. Біз Грузия кәсіпорындарымен экономикалық байланысымызды одан әрі нығайтуды көздеп отырмыз», - деді қала басшысы.

«Сіздердің елдеріңіз Грузияда өте танымал. Бізде 100-ден аса қазақстандық компания жұмыс жасауда, өзара ынтымақтастықты, серіктестікті арттыруға мүдделіміз», - деді өз кезегінде Зураб Патарадзе.

Соңғы жаңалықтар