Біз Еуропаға ұқсамаймыз. Біз оның тек жетістіктерін үлгі етеміз -Қ.Тоқаев

None
None
ың 26-cы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- «Есірткі саудасынан түсетін қаржы Орталық Азиядағы жағдайды шиеленістіре алмайды. Дегенмен, есірткі саудасы мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің ортақ ұғым екенін есте ұстауымыз қажет.

Сондықтан бұл мәселеге халықаралық деңгейде күш салу қажет деген пікірмен келісемін. Бірақ біз есірткі саудасын мүлдем және түпкілікті құртып жібере алмайтынымыз анық. Өйткені ол қыруар қаржы көзі. Бұл ретте біз тек оның көлемін азайту жөнінде ғана сөз қозғай аламыз», деді Сенат Төрағасы бүгін  Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан НАТО-ның «Роуз -Рот» Парламенттік Ассамблеясының 71- ші семинарында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Төрағаның  пікірінше, есірткі саудасымен күреске бағытталған бағдарламалардың мүмкіндігінше есірткі өндірілетін аймақта жүргізілгені дұрыс. «Біз Орталық Азия мен Кавказ елдері туралы сөз қозғағанда, оларды ортақ аймақ ретінде қарастырудан аулақ болғанымыз жөн. Қазақстан аймақтағы өзгелерден ілгерілеу дамып келе жатқан ел. Мен Орталық Азия мен Қазақстанды өзгелерден ерекшелеуге тырысып отырған жоқпын. Бірақ біз бір нәрсені мойындауымыз қажет. Қазақстан аймақтағы лидерлердің бірі. Ал «Еуропаға жол» бағдарламасын қабылдай отырып, біз Еуропаның көптеген құндылықтарынан сабақ алғымыз келеді. Дегенмен бұл - біз Еуропаға ұқсағымыз келіп отыр деген мәселе емес. Біз оның тек жетістіктерін үлгі еткіміз келеді», деді Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар