+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Біз бұл қиындықты бірлікпен жеңеміз - университет ректоры

2020 жылғы 9 шілде 05:17
Бөлісіңіз:
Біз бұл қиындықты бірлікпен жеңеміз - университет ректоры

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Covid-19 індетіне байланысты үндеуінде талай тарихи сынақтардан өткен еліміздің бұдан да мызғымас бірлігіміздің арқасында жеңетіндігімізді атап өтті. Мемлекет басшысының халықты жігерлендіргені - үлкен қолдау, деген пікір білдірді Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті Маңғыстау: Жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңартылды

«Президент өз сөзінде еліміздегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Әсіресе, қауіпті індеттің ушығып тұрған кезінде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мен лабораториялық алдын алу шараларын ұйымдастыру кезіндегі кемшіліктердің басты назарға алынып отырғанын жеткізді. Мемлекеттік комиссияның бұл іс-шараларға қайта көңіл бөліп, елімізде карантиннің жарияланғанын және оның дұрыс шешім екеніне көңіл аударды. Сондай-ақ, Президенттің үндеуінен ел басына түскен қиындықты қорқынышпен емес, өзіміздің бірлігіміз бен сабырлығымыздың арқасында жететінімізге көз жеткіздік. Мемлекет басшысы өз сөзінде індетке қарсы мемлекет тарапынан әрбір азаматтың денінің саулығы үшін мемлекет және әкімдіктердің, денсаулық сақтау ұйымдарының тарапынан барлық шаралардың қолға алынатындығы туралы мәлімдеді. Өз кезегінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы үндеуді қолдай отырып, әрбір Қазақстан азаматына сабырлық пен шыдамдылық және зор денсаулық тілейді»,- деді Дария Қожамжарова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT