Біз біргеміз: Зиялы қауым өкілдері акцияны қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық жастар бастаған «Біз біргеміз» акциясын одан әрі жалғастыру мақсатында зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер Қаламгерлер аллеясын қардан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қолдаған «Біз біргеміз» акциясына зиялылар, мемлекеттік қызметкерлерден құралған 100-ден астам адам қатысты. Несіпбек Айт, Ғарифолла Есім, Оразкүл Асанғазы, Марат Әбсеметов, Аманжол Әлтаев, Бекжан Әбдуәлиұлы сынды ғалымдар, қоғам қайраткерлері және тағы басқа ел зиялылары Қаламгерлер аллеясын қалың қардан тазалау жұмыстарына қатысты.

Сонымен қатар, акцияға Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және оған қарасты «Мемлекеттік архиві» ММ, «Руханият» МКМ-нің ұжымдары да үлес қосты.

«Президенттің «Біз біргеміз» деген бастамасы бізге, қала жұртшылығына үлкен серпін тудырды. Қазақ қиыншылықта да, қуанышта да бірге болған. Табиғат мінез көрсетпей тұрмайды. Сондықтан жігерлі жастар, аға буын бастап, қаламызды тазалауға атсалысып жатырмыз», - деді белгілі ақын Несіпбек Айтұлы.


Соңғы жаңалықтар