Біз біргеміз: ШҚО-да 29 мыңнан астам адамға қаржылай көмек көрсетілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Біз біргеміз!» акциясы аясында 29 мыңнан астам тұрғынға қаржылай көмек көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, «Біз біргеміз!» акциясының бірінші кезеңінде өңірдің 29 мыңнан астам тұрғынына 1,5 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сондай-ақ сәуір айында 77 мың адамды азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінді.

«Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды және ол біздің ерекше бақылауымызда. Қазіргі уақытта бұл ақшалай көмек 281 мың шығысқазақстандыққа берілген», - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалының барлық бөлімшелерінде, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту орталықтарында 42 500 теңгеге өтініш беру тәртібі рет-ретімен көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылған.

«Азаматтарға жедел қызмет көрсету мақсатында облыстағы екінші деңгейлі банктер мен пошта бөлімшелері мамандарының саны 1,5 есеге көбейтілді. Сонымен қатар олардың жұмыс уақыты еш демалыссыз күн сайын 8.00-ден 21.00-ге дейін ұзартылды», - дейді Жасұлан Сәрсебаев.


Соңғы жаңалықтар