+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Біз біргеміз: Қостанай облысында 22 мың отбасы қаржылай көмек алды

2020 жылғы 3 шілде 03:00
Бөлісіңіз:
Біз біргеміз: Қостанай облысында 22 мың отбасы қаржылай көмек алды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Біргеміз» қоры көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы аптада 80 қостанайлық бірреттік қаржылай қолдауға ие болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Сонымен, Қостанай облысында халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын тұрғындарға 50 мың теңге бірреттік төлем аударудың төртінші легі басталды. Жыл басынан бері өңірде 22 мыңға жуық отбасы қаржылай қолдау алған.

«Осы аптаның соңына дейін аймақтық қамқоршылар кеңесінің шешімімен, 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлем елді мекендердегі 80 отбасына бағытталады. Бұл мақсатта «Біргеміз» қорына кәсіпкерлердің қолдауымен 28 млрд теңге қаражат жиналған. Бір реттік төлем алуға құқылы мұқтаж азаматтар тізімі жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жасалған. Халықтың әлеуметтік осал топтарына антисептиктер, маскалар және бірінші қажеттілік өнімдері де жеткізілуде. Азық-түлік себетіне макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майы, қара шай, тұз, тәтті нан кіреді», - дейді партия өкілдері.

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы Елбасы жобасын жүзеге асыруда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлердің белсенді жұмысын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT