Біз біргеміз: елордалық волонтерлер 100 отбасына көмектесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Волонтерлер қатарына енген Медициналық-техникалық колледждің студенттері көпбалалы ана Сұлушаш Тұрланның ауласын қардан тазартуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, волонтерлер штабы акция аясында жыл басынан бері 100 отбасыға көмек көрсетті.

Волонтерлерді қабылдау жұмыстары қазіргі кезде 7 бағыт бойынша жүргізілуде:

- «Саулық» жобасы аясындағы медициналық волонтерлік – науқасты күтуге көмек көрсету;

- «Таза әлем» жобасы – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету;

- «Асыл Мұра» жобасы – халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тарту;

- «Қамқор» жобасы қарттар үйлеріндегі еріктілердің жұмысына бағытталған; - «Білім» жобасы – ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек.

- «Үміт» жобасы – Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыз туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталған.



Соңғы жаңалықтар