Біз біргеміз: Алматыда бейбіт митинг өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Біз біргеміз» ұранын ту еткен бейбіт митингке мыңдаған адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаңға шыққандар қолдарына «Біздің күшіміз - бірлікте», «Экстремизмге жол жоқ», «Біз соғысқа қарсымыз», «Арандатушыларға жол жоқ» деген транспарант ұстап жүр.

«Біз ардагерлер, Президенттің тапсырмалары орындалып жатқанын айтқымыз келеді: көпбалалы аналарға көмек, несие қарыздарын кешіру, бұның барлығы алға жылжуды көрсетеді», - деді «Nur Otan» өкілі, Қарулы күштер ардагері Ким Серікбаев.

Білім беру саласының ардагері Тамара Шәкірова қай саладағы прогресс болуы үшін қолда қару болмауы тиіс екенін айтты.

«Мен ана және әже ретінде, көпұлтты Қазақстанның азаматы ретінде бізде бейбітшілік болғанын қалаймын. Мен осы митингке бір мақсатпен келдім. Қоғам қайраткерлері не айтар екен? Соны естуге келдім», - деді ол.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Айсұлу Ерниязова сын пікір айтатын жастарға ой білдірді.

«Өкінішке орай, әлеуметтік желілерде «диван батырларының» саны артып келеді. Мен осы тұрақтылықты лайк пен хайп үшін құрбан етуге дайын тұрған замандастарыма ішім ашиды. Оянғандар қазір қайда? Зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға әлеуметтік жәрдем беретін бір бағдарлама жасамай ма? Біздің еріктілер екі тәулік ішінде 150 тонна цемент тасып Арысты қалпына келтіруге тырысты. Әлеуметтік желілерде «қазақкөктем» хэштегін таратқан азаматтар бәріміз отырған қайықты шайқап жатқанын түсінбейді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар