Biz birgemiz: Алматы облысында 255 млн теңгенің көмегі көрсетілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Biz birgemiz» республикалық акциясы аясында Алматы облысында 24400 адамға 255 млн теңгенің көмегі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз айында елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдайдың орын алуына байланысты Елбасының бастамасымен «Biz Birgemiz» акциясы бастау алды. Шара аясында Жетісудың волонтер жастары да білек сыбана жұмыс істеп, мұқтаж азаматтарға қажетті азық-түлік, антисептикалық құралдармен қамтуда көмек қолын созып, сонымен қатар, Мақтаарал ауданына да барып көмек көрсетті.

«Biz Birgemiz» республикалық акциясы бойынша ағымдағы жылдың 19 наурызы мен 22 маусым аралығында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары тарапынан, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында партия мүшелерінің, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен есептік кезеңде 24 440 адамға 255 млн теңге көлемінде арнайы азық-түлік және жеке гигиена заттары, антисептикалық құралдар, медициналық маскалар сатып алынып, мұқтаж жандарға тегін берілді.


Соңғы жаңалықтар